6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстанадағы әскери қалашықта жас жауынгерлер Отанға адал қызмет етуге салтанатты түрде ант берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық ұлан мәліметінше, еліміздің түкпір-түкпірінен келген тепсе темір үзер жігіттер арнайы дайындықтан өткен. Енді олар бас қаламыздың тыныштығы мен көше тәртібін қамтамасыз етуге атсалысады.
Ұлттық ұлан қатарында борышын өтеуге келген жас толықтырылымды құрама командирі генерал-майор Аян Есжанов құттықтап, қызметтеріне бағыт-бағдар берді.
Іс-шара барысында жауынгерлердің туыстарына сарбаздардың оқу пунткінде бір ай бойы үйренген дағдылары көрсетілді. Әскери элита қатарынан көрінетін Құрмет қарауыл ротасының сарбаздары карабинмен дефиле көрсетсе, енді бірі қоян-қолтық ұрыстан үйренгендерін көпшілік қауымның назарына ұсынды.
Бұл күні маңызды сәтте балаларына қолдау білдіру үшін мыңнан аса ата-ана мен туыстары жиналды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі