20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанада 3-4 қараша күндері балалар мен жасөспірімдер арасында еркін күрестен қазақтың тұңғыш Олимпиада чемпионы және грек-рим күресінен әлем чемпионы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, «Қазақстанның Еңбек Ері» Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің ресми сайты таратқан мәлімет бойынша, турнир 2012-2014 жылдары туған балалар мен 2009-2011 жылдары туған кіші жасөспірімдер арасында өтеді.
Турнир Қазақстан Республикасында еркін күресті дамыту және танымал ету, спорт шеберлігін арттыру және облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мықты спортшыларын анықтау мақсатында өткізіледі.
Жарыстың ресми ашылу рәсімі 4 қарашада сағат 12:00-де Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.
Іс-шара ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері бойынша комитетімен, грек-рим, еркін және әйелдер күрес федерациясымен және Астана қаласының спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткізіледі.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?