Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАстанада Жаңа жыл қарсаңында мерекелік отшашу болады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің баспасөз қызметі Жаңа жыл қарсаңында демеушілік қаражатқа ұйымдастырылған мерекелік отшашу болатынын растады.
Әкімдіктің мәліметінше, отшашу алдында, сағат 00:00-де Қазақстан Әнұраны ойналады. Одан кейін екі орын: Ботаникалық бақ және "Атырау" көпіріне іргелес аумақта әр жерде 1 мыңға жуық отшашу атылады.
Сонымен қатар, жаңа жыл қарсаңында 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін қаланың үш жерінде мерекелік іс-шаралар өтеді. 31 желтоқсанда сағат 21:00-ден 02:00-ге дейін елорданың қалалық алаңында, "Қазақ елі" монументі аумағында және EXPO алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен қала тұрғындары мен қонақтары үшін "Жаңа жыл түні" атты жаңа жылдық мерекелік концерттер өтеді.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар