Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жылу мәселесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалада өмір сүру сапасы көптеген факторға байланысты. Осы мәселеде тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының жұмысы маңызды рөл атқарады. Алдыңғы жылы қаламыз жылумен жабдықтау тапшылығына ұшырады. Осы мәселені шешу үшін өткен жылдың күзінде бірқатар нысанның құрылысын аяқтап, пайдалануға бердік. Олар – «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциясы, «Тұран» газ жылу станциясының бірінші кезеңі, ЖЭО-3-тің бірінші кезеңі. Аталған тіршілікті қамтамасыз ету нысандары қалаға 1100 Гкал/сағ астам күш берді. Осы нысандардың арқасында қаламыз өткен жылыту маусымында бірнеше жылдан кейін алғаш рет жылу профицитімен шықты, - деді әкім.
Қасымбек жыл соңына дейін «Тұран» газ жылу станциясының екінші кезегін аяқтау жоспарланып отырғанын, бұл қалаға тағы 250 Гкал/сағ күш беретінін алға тартты.
Сонымен қатар жалпы қуаты 620 Гкал/сағ болатын «Телман» газ жылу станциясының құрылысын бастадық. Келесі жылдан бастап осы ГЖС-ны кезең-кезеңімен іске қосуды жоспарлап отырмыз. «Телман» ГЖС тұрғын үй құрылысы белсенді жүріп жатқан аудандарды жылумен қамтамасыз етуге қауқарлы.
Сол сияқты қуаты сағатына 350 Гкал болатын «Оңтүстік-батыс» газ жылу станциясының жобасын жүргізіп жатырмыз.
Тұрғын үй қоры жыл сайын артып бара жатқанын ескерер болсақ, жаңа нысандар қаланы 2035 жылға дейін жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деп жазды Жеңіс Қасымбек.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?