Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖаңа жыл қарсаңындағы мерекелік бағдарламалар 28 желтоқсанда Астанадағы бес орында өткізіледі. Тұрғындар үшін концерттер, эстафеталар, көңілді старттар, сыйлықтар дайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорданың Сарыарқа ауданындағы қалалық алаңда (қала әкімдігінің алдында) шығармашылық ұжымдардың жаңа жылдық бағдарламасы және шайбалы хоккей бойынша кәсіби хоккейшілердің қатысуымен шеберлік сабақ өтті.
Алматы ауданында Тәуелсіздік даңғылындағы Оқушылар сарайының аумағында балалар шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама аяқталды.
Нұра ауданында "Астана Арена" стадионының тұрағында мерекелік іс-шаралар қатысушыларға арналған сыйлықтармен Көңілді старттардан басталды. Қонақтар үшін конькимен сырғанау бойынша шеберлік сабақ өткізілді, ал кешкі сағат 19:30-дан бастап эстафеталар мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Іс-шара сағат 21.00-ге дейін жалғасады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?