30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАстанада Ailand отбасылық демалыс орталығының жанында жаңа аттракциондар паркі ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдіктің ресми сайты таратқан мәліметке сәйкес, іс-шараның құрметіне орай арнайы концерт өткен.
Саябақта карусель, неше түрлі машиналар арқылы көңіл көтеруге болады, сонымен қатар балалардың сумен ойнауына да мүмкіндік қарастырылған.
Аттракциондардың жанында демалуға және тамақтануға арналған көлеңкелі орындықтары бар жасыл аймақ орналасқан.
Саябақ үш жастан асқан балаларға арналған. Салтанатты ашылғаннан кейін жұмысына бірден кірісті. Жаз мезгілі аяқталғанға дейін күн сайын сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді.
Жаңа ойын-сауық алаңы бүгін 25 жылдығы атап өтіліп жатқан қаламыздың бір бөлігі болады. Елорда тұрғындары мен қонақтарын құттықтаймын және саябақтың ашылуына орай өтетін концертте уақытты көңілді өткізуді тілеймін! – деді Нұра ауданы әкімінің орынбасары Сәрсенғали Ақжолов.
Жиылған жұрттың алдында музыкалық ансамбльдер, шығармашылық студиялар интерактивті ойындар ұйымдастырылды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды