Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2023 жылғы 21 қазанда Республика күнін мерекелеу аясында «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» республикалық экологиялық акциясы жоспарланған, сондай-ақ ағаш көшеттерін отырғызу да ұйымдастырылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, акцияның мақсаты - ел халқын өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуда біріктіру.
Елордада акция С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті табиғат жанашырлары мен студенттерінің қатысуымен өткізіледі.
Осындай іс-шараларға табиғатқа жанашыр ұрпақты тарту жұртшылық арасында экологиялық сананы арттыруға, осындай экологиялық бастамаларды дамытуға мүмкіндік береді.
Акция аясында министрлік салтанатты түрде аумақтық экология департаменттеріне 11 автокөлік тапсыруды жоспарлауда. Бұл инспекторлардың ұтқырлығын күшейтуге және уақтылы экологиялық заң бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Өтетін орны: сағ. 10:00, Есіл ауданы, Қарасу өзенінің оң жағалауы, Қызылсуат ауылы маңындағы айналма жол.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс