23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында қалада салынатын мектептер туралы жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Біздің басым міндеттеріміздің бірі – әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту. Олар – оқу орындарының, медициналық мекемелердің, балабақшалардың, студенттерге арналған жатақханалардың, Оқушылар сарайларының, қоғамдық кеңістіктердің (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар), аулалардың және т.б. құрылысы. Мәселен, мектеп туралы айтар болсақ, 2024 жылы білім ошағын 12,5 мыңнан астам оқушы тәмамдады. Ал сол уақытта бірінші сыныпқа 28,5 мыңнан астам бала барды. Бірінші сынып оқушыларының саны түлектер санынан 2 еседен асып түседі. Тиісінше қалада жыл сайын мектептер салу қажет, - деді елорда әкімі.
Жеңіс Қасымбек қаланы аралау барысында М.Төлебаев пен Бурабай, Ш.Құдайбердіұлы даңғылы мен І.Жансүгіров көшелерінің қиылыстарында, сол сияқты Егемен Қазақстан, Иманов көшелерінде орналасқан бірқатар мектептің құрылыс барысымен танысқанын атады.
Өздеріңіз білетіндей, осы оқу жылының басынан бері 24 оқу орнын салып, қолданысқа бердік. Бұл – елорда үшін рекорд. Аталған мектептер екі ауысымда 66 мыңға жуық оқушы орнын ашуға мүмкіндік берді. 24 оқу орнының – 16-сы жайлы мектеп. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа форматта 24 мектеп салынады. Бұл жайлы мектептер екі ауысымда 90 мыңға жуық оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді. Жаңа оқу жылында тағы 15 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Оқу орындарының құрылысына да жеке қаражат тартамыз. Сондай-ақ, жыл сайын педагог мамандығына гранттар бөле отырып, кадрлар даярлаумен айналысамыз. Қазіргі уақытта қала әкімдігінің гранты бойынша ЖОО-да 2 мың 200-ге жуық адам білім алып жүр», - деп жазды Жеңіс Қасымбек.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады