30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАстанада Республика күні қарсаңында жаңа кітапхана ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне Астана қалалық мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден, мәслихат депутаттары, сондай-ақ мәдениет саласының өкілдері мен кітапхана қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, жаңа кітапхананың заманауи оқу залы мен коворкингі, 3 мыңнан астам кітап қоры бар. 6 мыңға жуық оқырман бір уақытта кітапханаға келе алады.
Айта кетейік, елордада кітапхана жүйесін жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асып жатыр. Елордада 2023 жылы төрт кітапхана жаңғыртылса, 2024 жылы төрт кітапхана жөндеуден өтіп, төрт жаңа нысан пайдалануға берілді.
2025 жылы үш кітапхана жаңғыртылып, тағы үш жаңа кітап үйі іске қосылуда. Қазіргі уақытта Астана қаласында 24 кітапхана жұмыс істейді.
Жыл соңына дейін тағы бір кітапхана ашылады.
Кітапхана Астана қаласы әкімдігінің Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарайды. Кітапхананың мекен жайы - Амангелді Иманов көшесі.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды