Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАстанада қала әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №6 көпшілік кітапханасы салтанатты түрде ашылды. Жаңа кітапхана Нәжімеденов, 27 мекенжайында орналасқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, жаңа кітапхана базасында уақыт өте келе балаларды дамытуға арналған үйірмелер мен тілек білдірушілер үшін қазақ тілі курстары жұмыс істейтін болады.
Өзге қалалық кітапханаларда қазақ тілі курстары, сонымен қатар сурет және қолөнер бойынша үйірмелер жұмыс істейді. Бізде балаларға арналған кітапханалар мен театрлар бар, мұнда шағын қуыршақ спектакльдері көрсетіледі. Сонымен қатар, қала тұрғындары оқу үшін де келеді, себебі мұнда шығармашылық тұрғыда дамығысы келетіндер көп. Жаңа кітапхананың ашылуы мәдениетті дамытуға жаңа серпін береді, – дейді Астана әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Гүлбадан Мәдібаева.
Жергілікті тұрғындар жаңа кітапхананың ашылуы туралы оң пікір білдірді.
Бұл кітапхана біз үшін қадамдық қолжетімділікте ашылғаны қуантып отыр. Жазғы каникул кезінде балалар осы кітапхана арқылы зияткерлік қабілеттерін дамытып, энергияларын тиімді жұмсай алады, – деді астаналық Нұргүл Қонысбаева.
2023 жылы елордада 4 кітапхана, 2024 жылы 8 кітапхана күрделі жөндеуден өтті. Қазір Астанада 22 орталықтандырылған кітапхана бар.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова