13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызАстанада 6 қазанда жаңа №501 және №502 экспресс-бағдарлары желіге шығады. Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігі CTS-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Экспресс-бағдарлардың жұмысы жылдам жетуге әрі ыңғайлылыққа, сол сияқты жол жүру уақытын азайтуға және елордада жолаушылар тасымалының сапасын арттыруға бағытталған.
Бағдарлар бағыты:
№501 экспресс-бағдар – Абайдың 150-жылдығы к-сі – Халықаралық әуежай;
№502 экспресс-бағдар – Теміржол вокзалы – «Бағыстан» ТК қатынасымен жүреді.
Әр бағыт бойынша 8 автобус қызмет көрсетеді, жалпы саны 16 автобус болады. Қатынау жиілігі 14-20 минут.
Жол жүру құны – 250 тг.
Экспресс-бағдарларға мына айлық жол жүру тарифтері жарамды:
«Қала+Экспресс» - 10 000 тг.
«Қала+Экспресс+Қала маңы» - 13 500 тг.
Айта кетейік, айлық жол жүруді сатып алу 16 қазаннан бастап қолжетімді болады және олар 2024 жылдың 1 қарашасынан бастап әрекет етеді.
Экспресс бағдарлар елорданың негізгі көлік-тасымалдау хабтарын және әлеуметтік маңызы бар объектілері арқылы жүреді. Олардың жүру сызбаларымен CTS Instagram парақшасында Tаplink арқылы танысуға болады.
Экспресс-бағдарлардың жұмысы туралы ақпарат @cts_kz парақшасында жарияланады.
Автобустардың қозғалысын «Avtobys», 2ГИС және Яндекс Карты қосымшалары арқылы бақылауға болады.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды