Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАстанада әлеуметтік қызметкерлер кейпіндегі алаяқтар қарттардың үйін тонап кеткен, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Ұрылар өз арам пиғылдарын алдын-ала жоспарлап алған. Олар «әлеуметтік қызметкерміз, коммуналдық төлем бойынша жеңілдік бар» деп зейнеткерлерді алдап, үйіне кіріп алған. Біріншісі қарт кісіні әңгімеге тартып тұрғанда, екіншісі үйді аралап жүріп, бағалы заттарды қалтасына басқан.
Сарыарқа аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Медет Балтабек алаяқтардың Есенберлин көшесінің бойындағы үйлердің бірінен 92 жастағы қарияның жылдар бойы жинаған 1,2 млн теңгесін алып кеткенін айтты.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктілерді қолға түсірді. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Әзірге олардың үш қылмыстық оқиғаға қатысы бары анықталды.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар