Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан халқы Ассамблеясының азаматтық секторы жаңа заңнама форматында» тақырыбындағы республикалық семинар-тренинг өз жұмысын бастайды.
Семинар-тренингтің ашылуына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Л.Прокопенко және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Жақыпова Фатима қатысады деп күтілуде.
Семинар-тренинг қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру технологиялар бойынша тыңдаушылардың кәсіби білімдері мен дағдыларын арттыруға бағытталған.
Оқыту барысында Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық сананы жаңғырту және қазақстандық бірегейлікті нығайтудағы міндеттерін ашу; «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар шеңберіндегі билік органдары және азаматтық қоғамның өзара іс-қимылының тиімді тетіктерін қарастыру; ішкі саясаттың өзекті мәселелерін қарастыру және қоғамдық сананы жаңғырту жағдайындағы мемлекеттік саясатты ақпараттық жария етудің жаңа тәсілдерін қарастыру жоспарлануда.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек