7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Астаналық зейнеткерлер Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған жоспарлы іс-шаралар аясында «Абайды оқимыз» атты әдеби эстафета өткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іс-шара Абай ескерткішінің жанында ұйымдастырылған. Ақын рухына тағзым етуге жиналған зейнеткерлер Абайдың өлеңдерін, қара сөздерінен үзінділер оқып, әндерін нақышына келтіре орындады.
«Таным» поэзия зияткерлік клубының жетекшісі Гүлжамила Қонақбаеваның айтуынша, клуб мүшелері бұл бастаманы бірауыздан қолдап, Абайға арналған кешке ерекше ықыласпен дайындалған. Сондай-ақ, «Абай мұрасы – ұлт қазынасы» атты кітап көрмесі көрермен назарына ұсынылды.
Шілде-тамыз айларында орталықта Абайдың 180 жылдығына арналған 20-ға жуық іс-шара жоспарланған. Олардың қатарында поэзиялық кештер, шығармашылық эссе байқаулары, ашық сабақтар мен өлең оқу челлендждері бар.
Айта кету керек, тамыз айының екінші жартысында 100-ге жуық зейнеткердің қатысуымен «Абай еліне саяхат» атты мәдени сапар ұйымдастырылмақ.
Бұған дейін Абай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған республикалық «Абай оқулары» өз мәресіне жеткен болатын.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?