10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАстана полицейлері 87 жастағы қартты тонаған ер адамды құрықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Күдікті зейнеткерден құжаттары мен ақшасы салынған сөмкесін тартып алған. Шабуыл күндізгі уақытта Жұбанов көшесіндегі үйдің кіреберісінің жанында болған. Ер адам қарт әйелді көріп, жүгіріп барып оның қолынан сөмкені жұлып алып қашып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында елордалық полиция қызметкерлері күдіктіні құрықтады. Ол бұрын бірнеше рет сотталған 34 жастағы қала тұрғыны болып шықты.
Тергеу барысында полиция оның тағы бір тонауға қатысы бар екенін анықтады. Екінші жағдайда ол 46 жастағы астаналықты тонаған. Кешкі уақытта күдікті Жұбанов көшесінде ер адамнан телефоны салынған барсеткасын тартып алып, қашып кеткен.
Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды, елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Тонауға қатысы бар ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді