Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыДостық үйінде Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы ассамблеясының Өзбек этномәдени орталығы мен Дүниежүзілік өзбек жастары қауымдастығының өкілдері кездесті.
«Пікір алмасу барысында тараптар өзбек тілін оқыту курстарын ашу, этникалық мектептерге арналған оқу әдістемелік құрал шығару, өзбек этномәдени орталығын кітаппен, ұлттық құралдармен, ұлттық киімдермен қамтамасыз ету және қоғамдық-мәдени шараларды ұйымдастыру мәселелерін талқылады», – деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының ҚХА-сы.
Кездесуге қатысушылар осындай отырыстардың маңыздылығын атап өтті. Ал Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Өзбек этномәдени орталығының өкілдері қонақтарға естелік сыйлықтарды тарту етті.
Кездесу соңында тараптар өзбек этносына қолдау көрсетіп, түрлі іс-шараларды бірлесе атқарып жатқаны үшін қазақ еліне, елорда әкімдігіне, Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясына алғыстарын білдірді.
Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыКеше, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады