Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЕлорданың Нұра ауданындағы Шыңғыс Айтматов көшесі, 49 мекенжайындағы өз бетінше басталған «Onyx-2» ТК-ның құрылысы тоқтатылды. Тұрғын үй кешені сүріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, елорда аумағында тұрғын үй кешендерін заңсыз салу фактілерін анықтау және жолын кесу Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен жүргізіледі.
Тапсырыс беруші нысанда жерге тиісті құқықсыз, заңда белгіленген тәртіппен сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамасыз, техникалық және авторлық қадағалауларды сүйемелдеусіз және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарламасыз құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастаған, бұл өз кезегінде «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңының талаптарын бұзу болып саналады.
Осылайша, құрылыс салушыларға қатысты Қалалық орта сапасы мен бақылау басқармасы анықталған бұзушылықтарды жою және болдырмау бойынша шаралар қабылдауда.
Естеріңізге сала кетейік, нысандарды салу кезінде «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы сақталуы тиіс.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар