12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікЕлордада сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заң талаптарын бұза отырып салынған заңсыз тұрғын емес нысан бұзылады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы (МСҚБ) жоспардан тыс тексеру жүргізгеннен кейін нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген.
Сот шешімімен нысан иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, нысанды мәжбүрлі түрде сүру туралы шешім қабылданды. Қазір басқарма Әділет департаментімен бірлесіп, сот шешімін орындау шараларын жүргізіп жатыр.
Жыл басынан бері басқарма 497 жоспардан тыс тексеру жүргізіп, заңбұзушылықтарды жою туралы 243 нұсқама берген. Сондай-ақ жалпы сомасы 343 миллион теңгеден асатын 860 әкімшілік айыппұл салынған.
Елорда тұрғындарына сәулет, қала құрылысы және құрылыс талаптарын сақтау мәселесі ескертіледі. Заңсыз құрылыс жүргізіп, белгіленген нормаларды бұзғандар заң бойынша жауапқа тартылады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер