Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАстана полициясы 1,6 млрд теңге шығын келтірген алаяқтар тобын әшкереледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ мәліметінше, олар азаматтарды алдап, заңсыз автонесие рәсімдеген. Сондай-ақ кепілде тұрған көліктерді иелерінің және екінші деңгейлі банктердің келісімінсіз жақын шетелдерге сатып жіберіп отырған.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында елордалық полиция алаяқтыққа қатысы бар үш күдіктіні анықтады. Олардың кесірінен 115 азамат жапа шеккен. Келтірілген залал көлемі шамамен 1,6 млрд теңгені құрады, - делінген мәліметте.
Полиция осы адамдардың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккендерді құқық қорғау органдарына хабарласуды сұрайды.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар