23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстанада еліміздің күштік құрылымдарының үздік шығармашылық ұжымдарының басын қосқан XI «Әскери керней» әскери-музыкалық фестивалі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іс-шара дәстүрлі түрде Астана күніне орай ұйымдастырылып отыр. Фестиваль аясында елорда тұрғындары мен қонақтарына ерекше өнер тарту еткендер қатарында Президенттік оркестр, Мемлекеттік күзет қызметінің оркестрі, ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының орталық әскери оркестрі мен ансамблі, Қорғаныс министрлігінің орталық ансамблі, сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметінің орталық ансамблі бар.
Концерттер қаланың бірнеше саябағында — «Ғашықтар», «Жерұйық» және «Жетісу» алаңдарында ашық аспан астында өтті.
Әскери-музыкалық шараның шарықтау шегі – «Қазақ елі» алаңында өткен салтанатты гала-концерт болды. Онда әскери оркестрлер мен ансамбльдердің ең үздік қойылымдары көрермен назарына ұсынылды.
«Әскери керней» фестивалі әскери-музыкалық өнерді дамытуға, күштік құрылымдар мен қоғам арасындағы мәдени байланысты нығайтуға, сондай-ақ жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталған.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады