6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстанада теміржолшылар Наурыз мейрамын атап өтті. Мерекелік іс-шараға орай елордалық вокзал кешені аумағында теміржолшылардың этноауылы ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Келген қонақтар мерекелік атмосфераға еніп, ұлттық тағамдардан дәм тата алды.
ҚТЖ мәліметінше, биылғы мейрамды атап өту Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналып отыр. Мереке түрлі түркі халықтарының мәдениетін біріктірді. Киіз үйлерде Әзербайжан, Татарстан, Түркия, Түрікменстан және Өзбекстан дәстүрлері ұсынылды. Қонақтарға наурыз көже, бауырсақ пен палау ұсынылды. Ал концерттік бағдарламаны ҚТЖ дарынды қызметкерлері дайындап, келушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі