6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстанада вейптерді заңсыз сатқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласы полиция департаментінің жедел-іздестіру бөлімінің қызметкерлері электронды тұтыну жүйелерін заңсыз сату фактісін анықтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тыйым салынған өнімді таратты деген күдікпен 29 жастағы азаматтың жеке тұлғасы анықталды. Белгілі болғандай, ол 2021 жылдан бері елордадағы темекі дүкендерінің бірінде заңсыз вейп сатумен айналысып келген. Тексеру кезінде полиция қызметкерлері 77 дана электронды темекә тәркіледі. Күдіктінің айтуынша, бұл тыйым салынған тауарлар әлеуметтік мессенджер арқылы көтерме бағамен тапсырыс арқылы жеткізіліп отырған.
Электронды темекіге салынған тыйымға қарамастан, дүкен қызметі жалғасып, өнімдер әлеуметтік желілер арқылы сатылып, курьерлер тұрақты клиенттерге жеткізіп отырған. Бір вейптің бағасы 9 мыңнан 17 мың теңгеге дейін жеткен. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі