23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстанада дүңгіршекті бұзып кіріп, велосипед ұрлаған тұрғын қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бейтаныс ер адам түнгі уақытта Абай даңғылы бойындағы дүңгіршектен бөтеннің велосипедін алып шыққаны бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Оқи отырыңыз:
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер велосипедті алған адамның жүру бағытын қадағалап, оны тұрғылықты жерінде ұстады. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін істі болған 32 жастағы астаналық тұрғын болып шықты.
Ер адам дүңгіршекке кіріп, сөредегі сусындармен қоса велосипедті ұрлап, шамамен 200 мың теңге көлемінде шығын келтіргені анықталды.
Қазіргі уақытта күдікті ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы анықталып жатыр.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады