2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАстана қаласының «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі қайырымдылық іс-шарасын өткізді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» акциясының аясында және орталықтың жыл сайынғы дәстүрлі іс-шарасына сәйкес орталық мүшелері аз қамтылған, көпбалалы және қамқоршысынан айырылған отбасыларына қайырымдылық көмек жасап, азық-түлікпен қамтамасыз етті.
Астана қаласындағы «Шейх Кунта Қажы» атындағы мешітте ұйымдастырылған қайырымдылық акциясында төрт жүзден астам отбасы қамтылды. Орталық мүшесі, мешіттің басқарушысы Магамет Тумгоев: «Жыл сайын 23 ақпан – Вайнах халқының жер аударылу күніне орай мұқтаж отбасыларына көмек көрсетіп отырамыз. Біздің орталықтың адамдары қаржы жинап, керекті азық-түлік сатып аламыз да, үйлерге таратып береміз. Ақсақалдар кеңесі арқылы көмекке зәру отбасылары анықталып отырады», – деді.
Аталған акция екі күнге жалғасып, екінші күні ақсақалдар жиналып, мәуліт оқылады. Сонымен қатар бұл күні әйелдер қауымы келіп, шелпек пісіріп, халва, күріш дайындап, вайнахтардың ұлттық тағамдарын әзірлеп, жүз елу адамға ас беріледі.
Осыдан жетпіс бес жыл бұрын Вайнах халқы Қазақстанға жер аударылып келіп, тұрақтап қалған. Бүгінде еліміздің этностарының бір бөлшегіне айналды.
Нұргүл ШАТЕКОВА
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша assemblykz.2016@gmail.com мекен-жайына хабарласыңыз.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова