23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЕлордалық полицейлер вандалдарды тауып, жазалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, 21 тамыз күні сағат 16:00 шамасында азамат Республика даңғылы, 11 мекенжайындағы үйдің ауласында «Митсубиси» маркалы автокөліктің әйнегін сындырып, бөтеннің мүлкіне қасақана зақым келтіріп, материалдық шығын келтірді. Оның жеке басы анықталып, 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осыған ұқсас оқиға 24 тамыз күні сағат 05:40-та Ә.Бөкейхан көшесі, 3 мекенжайы бойынша болды. 62 жастағы мас адам магнитофонды ұрлап, Toyota Highlander маркалы көлігін әдейі зақымдады. Құқық бұзушыға бөтеннің мүлкін бүлдіргені үшін 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
25 тамыз күні сағат 12:00-де Кенесары көшесі, 80 мекенжайында орналасқан 29 жастағы ер адам төлем терминалы мониторының әйнегін әдейі сындырған.
Барлық құқық бұзушылар табылып, жауапқа тартылды.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада «Stop, вандал!» акциясы өтіп жатыр. Аталған науқанды еріктілер, белсенділер, белгілі спортшылар, ҮЕҰ өкілдері, қала тұрғындары, аудандық әкімдіктер мен қалалық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері, мәслихат депутаттары қолдады.
Акция аясында қалада күндізгі және түнгі рейдтер, сондай-ақ тұрғындар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау және қала мүлкіне ұқыпты қарау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіріп, жалпы аумақтарды ластап, ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бүлдіргені үшін жыл басынан бері сот 207 адамды жазалады. Олардың барлығы жауапқа тартылды.
Вандализмнің алдын алу жұмыстары қалалық прокуратура мен полиция департаментінің үйлестіруімен жүргізіледі.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады