23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстанада үй иесінің әшекей бұйымдарын қолды қылған күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
30 жастағы ер азаматтың бір отбасының жүргізушісі болып жұмысқа тұрғаны мәлім болды. Күдікті бірнеше ай бойы сол отбасының кішкентай баласын сабаққа апарып жүреді. Жүргізушіге сенім білдірген отбасы, оған бір үйде тұруды ұсынады.
Кейін отбасының барлық мүшелері ауруханаға түседі. Үйде жалғыз қалған ер азамат ерлі-зайыптының жатын бөлмесіне кіріп, әйелдің әшекей бұйымдарын қолды қылған. Ауруханадан шыққаннан кейін үйлеріне келіп, үй-іші шашылып, кейбір заттарының жоқ екенін байқаған үй иесі дереу полиция қызметкерлеріне хабарласады.
Әйел адам тәртіп сақшыларына үйіне сол жүргізушіден басқа ешкім келмегенін айтады. Күдікті ұрланған 2 бриллиант жинағын, алтын сақина, сырға, кулон және алқаны ломбардқа тапсырып үлгерген. Есіл ауданы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері келіп түскен арыз бойынша, күдікті тұлғаны ұстады.
Қылмыскер өз кінәсін мойындады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады