Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАстанада үстіне ауа баптағыш құлап кеткен жедел жәрдем фельдшері қайтыс болды. Бұл ақпаратты қалалық денсаулық сақтау басқармасы растады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
23 жастағы Ұлдана Мырзуан 18 қараша, сейсенбі күні, көз жұмды.
Қызметтік міндетін атқару кезінде тұрғын үй кешенінің қасбетінде орналасқан сыртқы кірпіш қаптамасы мен кондиционерлік құрылғының құлауы салдарынан ауыр жарақат алған фельдшер 18 қараша күні көз жұмды, – делінген басқарма хабарламасында.
8 қарашадан бастап пациент өте ауыр халде жансақтау бөлімінде жатқан. Дәрігерлер барлық қажетті медициналық көмекті көрсеткенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.
Еске сала кетейік, 8 қарашада Астанада Тәуелсіздік даңғылы 24Б мекенжайындағы тоғыз қабатты үйдің қасбетінің кірпіш қаптамасы құлады. Салдарынан бес адам зардап шеккен. Олардың барлығы №1 көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Науқастардың бірі өте ауыр халде болып, оған шұғыл операция жасалды. Тағы екеуі жансақтау бөлімінде болған, дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалаған. Қалған екі адамның жағдайы тұрақты деп хабарланған.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек