23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіХалықаралық әйелдер күніне орай Астанада «Әйелге әсемдік жарасады» атты архивтік құжаттар, зерттеулер, ұлттық киімдер мен зергерлік бұйымдар көрмесі өтті.
Бұл мерекелік іс-шараның мақсаты – Ұлттық архив қорында сақталған қазақ халқының зергерлік өнеріне қатысты құжаттарды насихаттау. Сондай-ақ әр кезеңнің мәдениеті мен дәстүрінен сыр шертер көне және заманауи үлгідегі әшекей бұйымдардың үйлесімін көрсету.
Ұлттық қолданбалы өнер мен сән әлемінің жаңа толқыны үйлесім тапқан көрмеге архив қорларында сақталған фотоқұжаттар мен «Әдемі-ай» компаниясының негізін қалаушы Бахаргүл Төлегенқызының жеке коллекциясындағы XVIII-XIX ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейінгі құнды зергерлік бұйымдары қойылды.
Қазақ зерттеушілерінің, соның ішінде Ақселеу Сейдімбектің ұлттық киімдер мен әшекей бұйымдар, асыл тастар туралы қолжазба зерттеу еңбектері де көпшілік назарына ұсынылды.
Бүгінде ұлттық киімдер тек музейлерде ғана емес, заманауи сән әлемінде де өз орнын тауып келеді. Заман ағымына сай ұлттық нақышта өрнектелген сәнді киім үлгілері қазақ әйелінің бейнесін ерекше айшықтап, нағыз қазақ қызының сұлулығын паш етеді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, зиялы қауым өкілдері, өнер жұлдыздары мен қоғам белсенділері қатысады.
Мереке қарсаңында ұйымдастырылған іс-шара барлық нәзік жандыларға әсемдік пен шабыт сыйлайтын ерекше күн болмақ.
Аталған іс-шара «Ұлттық мұра» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві, «AMANAT» партиясы Есіл аудандық бөлімшесі және Астана қаласы мәслихатының депутаты, этнограф-коллекционер Бахаргүл Төлегенқызымен бірлесе ұйымдастырылды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады