Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЕлордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Уәлиханов көшесінде жолға орташа жөндеу жүргізуде. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жұмыс Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүзеге асырылады. Осыған байланысты 1-7 маусым күндері Уәлиханов көшесінің А.Кравцов көшесінен А. Иманов көшесіне дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін толығымен жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол-құрылыс жұмысының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз, – деп хабарлады жауапты басқарма.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар