23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Астанада тұрғынның велосипедін қолды қылған курьер анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Байқоңыр ауданының полиция қызметкерлері велосипед ұрлауға қатысы бар 22 жастағы курьерді анықтады. Полиция басқармасына қала тұрғыны жүгініп, түнгі уақытта тұрғын үйдің кіреберісінен Трикс велосипеді ұрланғанын хабарлады.
Тергеу барысында полицейлер жас жігіттің курьер болып жұмыс істейтінін және ұрланған велосипедті жеке мақсаттары мен жұмысында қолданбақшы болғанын анықтады. Полиция қызметкерлері кіреберістегі камераның бейнежазбасын алып, сол арқылы күдіктіні анықтады. Жігіт мойындау көрсетпелерін берді, ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тәртіп сақшылары қала тұрғындарына велосипед жақтауларын таңбалау және айрықша белгілер салу сияқты қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауды, велосипедтерді кіреберістерде, дүкендердің жанында және қала саябақтарында қараусыз қалдырмауды, сенімді велоқұлыптарды пайдалануды ұсынады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік