22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАстанада «Тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы жоғары оқу орындарының үлесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Экономикалық зерттеулер институты БҰҰ-ның Елдік командасының қолдауымен ұйымдастырды.
Алғаш рет ұйымдастырылған бұл бастамаға еліміздің 89 жоғары оқу орнынан 114 өкіл қатысты. Басқосу барысында университеттердің Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі рөлі жан-жақты талқыланып, осы бағыттағы нақты шешімдер мен ұсынымдар қарастырылды.
Жиында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі А.К. Дарбаев, Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі С. Раднарагча, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілі К. Вавьерниа, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары А. Абылайхан, сондай-ақ Экономикалық зерттеулер институты басқарма төрағасы Біржан Баткеев құттықтау сөз сөйлеп, мұндай алаңдардың маңызын атап өтті.
Панельдік сессиялар мен интерактивті воркшоптар аясында қатысушылар жоғары оқу орындарының басқару жүйесіне ТДМ қағидаттарын енгізу, кадр даярлау және олардың әлеуетін арттыру, ғылым мен студенттердің тұрақты дамудағы рөлі, серіктестікті кеңейту және адами капиталды нығайту мәселелерін талқылады.
Іс-шара қорытындысы бойынша жоғары білім беру жүйесінің тұрақты дамуға қосатын үлесін күшейтуге бағытталған нақты ұсынымдар әзірленді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев