Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЖәбірленуші Instagram арқылы турларды ұйымдастырушыны тауып алып, сайттағы оң пікірлерге сеніп, оның қызметіне жүгінбекші болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұсыныстардың дұрыстығын растау үшін ол пікірлерді зерттеп, күдікті ештеңе байқамай, көрсетілген нөмірге жүгінген. Турдың құны 1 миллион 600 мың теңгені құраған, әйел оны бірден алаяққа аударған.
Алайда, қолма қол ақша алғаннан кейін, алаяқ рейстің тоқтатылғанын, ұшаққа билеттер жоқ екенін немесе сапар күндері сәйкес келмейтінін айтып, әртүрлі сылтаулар айта бастаған. Отбасымен демалысқа шықпайтынын түсінген жәбірленуші ақшаны қайтаруды талап еткен. Алайда, осы кезеңде алаяқ байланысқа шығуын тоқтатқан.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Сарыарқа аудандық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол бұрын осындай фактілерге қатысы бар 38 жастағы әйел болып шықты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол алған қаражатты өз қалауы бойынша жұмсағаны анықталды.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар