30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЖыл басынан бері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында елорданың алты ауданында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, полиция қызметкерлері аудан әкімдіктерінің, қалалық прокуратураның, білім басқармасының және Астана қаласы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қызметкерлерімен бірлесе отырып, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің қылмыс жасау фактілерін анықтау мақсатында көшелер мен ойын-сауық орындарын тексеруде.
Елорданың Сарыарқа ауданында жүргізілген рейд барысында мобильді топ сағат 23:00-ден кейін ересектердің қарауынсыз көшеде жүрген, сондай-ақ кешкі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарын аралаған 17 жасөспірімді анықтады. Олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ата-аналармен және жасөспірімдермен профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, ресми ескертулер жасалды. Бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда заңды өкілдерге айыппұл салынуы мүмкін, - делінген мәліметте.
Есіл ауданында мониторингтік топ қызметкерлерімен 10 рейд жүргізілді, оның барысында ҚР ӘҚБтК 442-бабы бойынша 68 кәмелетке толмаған жасөспірім жауапкершілікке тартылды.
Байқоңыр ауданында жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында кәмелетке толмаған 57 жасөспірім анықталып, жергілікті полиция бөлімшелеріне жеткізілді. Бұл балалардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарды жібергені үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 132-бабына сәйкес ойын-сауық мекемелерінің иелері де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Нұра ауданының аумағы бойынша рейдтік іс-шаралар кезінде мынадай құқық бұзушылықтар анықталды: 92 жасөспірім сағат 23.00-ден кейін ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болды, ол үшін 442-бап бойынша ескерту алды; 14 ата-ана 127-бап бойынша жауапкершілікке тартылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салды.
Рейд барысында Алматы ауданында мобильді топ кәмелетке толмаған жасөспірімдердің ересектердің еріп жүруінсіз түнгі уақытта болған 6 жағдайын анықтады. Қорытындысы бойынша ата-аналарға хаттама мен әкімшілік айыппұл салынды.
Еске салайық, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабына сәйкес, сағат 22.00-ден таңғы 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде заңды өкілдерінсіз жүруіне немесе олардың кіруіне рұқсат етілмейді, сондай-ақ сағат 23.00-ден 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйлерінен тыс жерде болуына тыйым салынады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды