Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанада қалалық дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев түнгі уақытта елорданың ірі мешіттерінен автобустар ұйымдастырылатынын атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Биыл Ораза айт мерекесі 10 сәуірге жоспарланған. Оразаның өзі 30 күнге созылады. 5-6 сәуірге қараған түні қасиетті Қадір түні деп белгіленді.
Қазіргі уақытта Астана қаласының әкімдігі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қала бойынша өкілдігімен және тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп дайындық және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деді спикер.
Мәселен, әкімдік 11 наурыздан 9 сәуірге дейін халықты қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында түнгі уақытта елорданың ірі мешіттерінен автобустар ұйымдастырды (сағат 22.00-ге дейін):
- «Әзірет Сұлтан» мешіті;
- «Әбу Насыр Әл-Фараби» мешіті;
- «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті;
- «Ырыскелді қажы» мешіті;
- «Рахымқызы Райса ана» мешіті.
Сонымен қатар, Рамазан айының күндерінде өзекті діни мәселелер бойынша «109» Call-center арқылы тәулік бойы ақпарат алуға болады.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?