Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЕлорданың коммуналдық қызмет мамандары қала бойынша қар тазалауды күшейтілген режимде жүргізуді жалғастыруда. Түнгі ауысымда қар тазалауға 200-ге жуық жол жұмысшысы шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің ресми сайты таратқан мәлімет бойынша, 2 наурыздан 3 наурызға қараған түні Астанада 200-ге жуық жол жұмысшысы мен 800-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды.
2 наурыз күні қаладан 2,8 мың ауыр жүк рейс, 35 мың текше метрден астам қар шығарылды.
Қыс басынан бері полигондарға 417 мың жүк көлігі 5,65 млн текше метрден астам қар шығарылды.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада бірнеше қар полигоны жұмыс істейді. Олардың барлығы самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен, бейнебақылаумен және жарықтандырумен жабдықталған.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астанада 3 наурыз күні түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыс жел 3-8 м/с. ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 7-9 аяз.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар