30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАстанада түнгі ауысымдағы қар тазалауға 1300-ден астам арнайы техника шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуді жалғастырып жатыр. Түнгі ауысымға, яғни 10 қаңтардан 11 қаңтарға қараған түні қар тазалауға 1300- ден астам арнайы техника мен 300-ден астам жол жұмысшылары жұмылдырылады.
Күні бойы 50 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 3685 рейске тең. Қыс мезгілі басталғалы қаладан 2.8 млн жуық текше метр қар 213 558 ауыр жүк рейсімен шығарылды.
Ең алдымен, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.
Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.
Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды