23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіӘлеуметтік желіде Астанадағы №37 мектептің жанында төбелес болып, екі оқушы қаза тауып, үшеуі ауыр жараланғаны туралы ақпарат тараған еді. Полиция осы дерекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция департаментінің өкілдері төбелес туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын атап өтті.
Әлеуметтік желілерде Астана қаласындағы №37 мектептің жанында төбелес болғаны туралы және екі адамның қаза тауып, бірнеше адамның ауруханаға түскені жайлы шындыққа жанаспайтын ақпарат тарады. Төбелестің орын алғаны, сондай-ақ оның барысында қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», - деп хабарлады полиция департаменті.
Полиция тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.
Астана қаласының Полиция департаменті көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделетінін ескертеді. Ақпаратты тек ресми дереккөздерден ғана алуды сұраймыз, - делінген хабарламада.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады