Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Астанада ТМД-ға мүше мемлекеттердің Ішкі істер министрліктерінің жедел бөліністері басшыларының ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған кеңесі өтті, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Жиында Қазақстан Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденов сөз сөйледі. Ол ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте ғана емес, жалпы қылмыстың барлық түрлеріне қарсы іс-қимылда, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және өзекті қауіп-қатерлерге ден қоюда мемлекетаралық өзара байланысты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Кеңесте Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті үйлестіру бюросының директоры полиция генерал-лейтенанты Олег Коновалов, сондай-ақ Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Ішкі істер министрліктерінің басшылары баяндама жасады.
Кездесу барысында қарудың заңсыз айналымы арналарының жолын кесу, жедел ақпаратпен алмасуды күшейту және қылмыстық топтарға қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды. Жиынға қатысушылар іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ризашылықтарын білдірді.
Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді