1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіАстанада Қазақстанның халық әртісі, театр және кино актрисасы Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына арналған «TEATR ALL» IV халықаралық театр фестивалі басталды, деп хабарлайды Еl.kz интернет порталы.
Фестивальдің ашылу салтанатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевтың құттықтау хаты оқылды. Құттықтауда Меруерт Өтекешованың ұлттық мәдениет пен қазақ театр өнерінің дамуына сіңірген көпжылдық еңбегі аталып өтті.
Кеш барысында Меруерт Өтекешова шығармашылық жолы, өнердегі ұстаздары және М.Әуезов атындағы театрда 50 жылдан астам еңбек еткен жылдары туралы өз естеліктерін айтты.
Фестивальде Ғабит Мүсірепов пен Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклі сахналанды. Қойылымның режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров.
Көпшілік Мұхтар Әуезов атындағы Ұлттық драма театры музейінің қорынан арнайы дайындалған «Сұлулық пен сырлы өнердің символы» көрмесін тамашалады.
«TEATR ALL» IV халықаралық театр фестивалі 7 қазанға дейін жалғасады. Өнер мерекесіне Өзбекстан, Қырғызстан және Әзербайжаннан келген театр ұжымдары, сондай-ақ Астана мен еліміздің өңірлеріндегі жетекші театрлар қатысып жатыр.
Фестиваль театр өнерін дамытуға, сала мамандарының шығармашылық байланысын арттыруға, тәжірибе алмасуға және халықаралық мәдени әріптестікті нығайтуға бағытталған.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?