30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экоакция аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қанатының өкілдері елордада ағаштар отырғызды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
ҚХА жастары экоакция акциясы аясында 100-ге жуық шаған мен қарағай көшеттерін отырғызды.
Бұл акцияға әрбір азамат, қаланың әрбір тұрғыны қатысуы тиіс деп санаймын. Өйткені қалаға жасыл желектер қажет, жалпы қала тіршілігіне қамқорлықпен қарау керек. Біз өз қатысушыларымызды ұсындық, - деді ҚХА жастар қозғалысының қатысушысы Елена Пескорская.
Бұл қаланың жағдайына өте жақсы әсер етеді, сонымен қатар команданы біріктіреді. Біз бала кезімізден қаланың жай-күйіне қамқорлық жасаймыз, тазалықты сақтаймыз, - деді экоакцияға қатысушы Елизавета Огай.
Белсенділер әр тұрғын экология мен қоршаған ортаны жақсарту туралы ойланып, экоакцияларға қатысуы керек деп санайды.
Менің ойымша, бұл акция жастарды өздерінен кейінгілерге үлгі етіп көрсетеді. Әркім ағаш отырғызудан бастауы керек деп санаймын. Мұндай қадамды біртіндеп ауқымды жаһандық мәселелерге бұру керек, - деді акцияның тағы бір қатысушысы Алина Нұрғалиева.
Жыл соңына дейін Астанада 1 миллионнан астам көшет отырғызу жоспарланған.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды