Кеше, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрінісСарыарқа ауданындағы «Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш жанында «Тарихқа тағзым – тазалықтан басталады» атты эко-патриоттық акция өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оған жалпы білім беретін мектеп оқушылары қатысты. Іс-шара аясында оқушылар ескерткіш маңындағы саябақ аумағын тазалап, одан кейін олар үшін ата-бабалар ерлігіне құрмет пен тарихи жадының маңызын түсінуге бағытталған тарих сабағын тыңдады.
Ұйымдастырушалар акцияның мақсаты — өскелең ұрпақтың бойында патриоттық рухты, қоршаған орта мен тарихи-мәдени мұраға ұқыпты көзқарасты қалыптастыру екенін айтады.
Бүгін біздің жетекшілігімізбен оқушылар Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлердің рухына тағзым етіп, ескерткіш алдына жиналды. Балаларға соғыстың ауыр тағдыры, майдангерлердің ерлігі жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ашық тәрбие сағатын өттік. Осыдан кейін оқушылар ауладағы ағаштарға құстарға арналған ұялар іліп, сенбілік ұйымдастырды, - деді №56 мектеп лицейінде тарих және құқық пәні мұғалімі Дәуірхан Сәрсен.
Кеше, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?