23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Әлихан мен Әйкерімнің саяхаты» тарихи комиксінің алғашқы шығарылымы таныстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, іс-шараға шығармашылық зиялы қауым, ғылыми қоғамдастық өкілдері мен елорданың жалпы білім беретін мектептерінің педагогтары қатысты.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мәдени саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, еліміздің әдебиетін оқуға және насихаттауға балалар мен жасөспірімдерді тарту бойынша қазақ батырлары, тарихи оқиғалар, мифология және өзекті трендтер тақырыбында ұлттық сипаты бар балалар комикстерін жасау бойынша жұмыс жүргізілуде, - делінген мәліметте.
Халықаралық тәжірибе негізінде «Бозоқ» музей-қорығы жас оқырмандарға арнап кітап шығарды. Комикс мәтіні қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде басылды.
Комикстерді салған суретші – Жапаров Бекен Байзақұлы, «Бозоқ» музей-қорығының дизайнері.
Кітаптың негізгі сюжеттік идеясы ортағасырлық Бозоқ қалашығының археологиялық қазбаларының тарихи мәліметтеріне негізделген.
Іс-шара аясында қатысушылар өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырудағы балалар әдебиетінің маңызын, тарихи-мәдени мұраны насихаттау және балалар білім берудегі жобаларды дамыту перспективаларын талқылады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады