23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЕлордалық полиция «әзіл» деген сылтаумен қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған адамдарды ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция дерегінше, олар тұрғын үйлердің лифттерінде жанжал көрінісін қойып, қаруға ұқсас затты көрсеткен, осылайша кездейсоқ куәгерлерді қорқытқан.
Әлеуметтік желілерде таралған бейнежазбалардың бірінде азамат Г.А. мен оның танысы ауызша жанжалды бейнелеп, кейіннен оны физикалық қақтығысқа ұластырған. Сахналық көрініс барысында Г.А. тапаншаға ұқсас затты шығарып, лифтте болған адамдарға қаратып, оларға шынайы қауіп төнгендей әсер қалдырған. Мұндай әрекеттер қайтымсыз салдарға әкелуі мүмкін, соның ішінде дүрбелең, азаматтардың денсаулығының нашарлауы немесе куәгерлер тарапынан агрессивті реакция туындауы ықтимал, - делінген мәліметте.
Аталған факті бойынша осы әрекетті ұйымдастырушы ұсталып, полицияға жеткізілді.
Оған ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс материалдары сотқа жолданды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады