23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Астанада мәслихат депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру жалғасып жатыр. Сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасағандардың қатарында танымал қазақстандық өнер иелері, ақындар мен қоғам қайраткерлері де бар, деп хабарлайды Еl.kz интернет порталы.
Дауыс бергендердің қатарында Қазақстанның халық әртістері Майра Ілиясова мен Айтқали Жайымов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әділ Ахметов, сондай-ақ әнші Дос Әбсадық бар.
Сайлау учаскелерінде қала тұрғындары танымал өнер иелерімен әңгімелесіп, естелік суретке түсті.
Сонымен қатар дауыс беруге мемлекет және қоғам қайраткері Сауытбек Әбдірахманов, Қазақстан Жазушылар одағы Астана қалалық филиалының төрағасы Бауыржан Бабажанұлы, ақын Мақпал Мыса және ақын-айтыскер, филолог Серікзат Дүйсенғазы қатысты.
Танымал қазақстандықтар дауыс беру барысынан алған әсерлерімен бөлісіп, елорда тұрғындарының қоғамдық өмірге қатысуының маңызын атап өтті.
Айта кетейік, бүгін 29 қарашада мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Астанада 446 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік