18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Астанада «Үздік әлеуметтік бизнес жобасы» байқауының қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Есіл ауданының әкімі Дәрменияр Қыдырбекұлының айтуынша, байқау жастардың бастамалары мен таланттарын танытатын маңызды алаңға айналды.
Бұл – жай ғана байқау емес, жастардың өз қабілетін көрсетуге, тәлімгерлерді табуға және идеяларын жүзеге асыру үшін қолдау алуға мүмкіндік береді. Қатысушылар өз әлеуетін ашып, еліміздің дамуына үлес қосатынына сенімдіміз, - деді ол.
Бұдан өзге өз сөзінде аудан әкімі Мемлекет басшысының 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағанына, бүгінде жастардың кәсіби өсуіне қолдау көрсетудің маңыздылығына тоқталып өтті.
Байқау қорытындысы бойынша бірінші орын мен 700 мың теңге ақшалай сыйлықтың жеңімпазы Astana IT-университетінің 2-курс студенті Диана Жұлмұхамбетова болды.
Менің жобам Kaz nomad camp деп аталады. Менің спорттық туризмде алты жылдық тәжірибем бар және Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына волонтер ретінде қатысқанымда осы идея маған ерекше шабыт берді. Этникалық стильде ойын-сауық бағдарламасын жүзеге асыруды ұсындым. Онда түрлі шеберлік сабақтары, мысалы, бауырсақ, бешбармақ әзірлеу, сондай-ақ ұлттық ойындарды өткізу бойынша бағдарламам бар. Сонымен қатар, бағдарламада киіз үй тігу және дәстүрлі қолөнер бойынша шеберлік сабақтары қарастырылған. Бұл қазақ мәдениетін жастар арасында кеңінен насихаттауға үлкен мүмкіндік деп ойлаймын. Жыл сайын қалаға қыдырып келетін талапкерлердің қатары аз емес, олардың әрқайсысы қайда серуендейміз деп ойлаймын. Мен олардың кафе, мейрамхана, кинотеатр секілді орындарға барып қана қоймай, ұлттық мәдениетті танып-білу арқылы рухани байығанын қалаймын, - деді жеңімпаз студент.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр