Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕлордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ғұмар Қараш пен Біржан сал көшелерінде жол төсеміне жөндеу жұмысын жүргізуде. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Жұмыс Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүргізілуде.
Мәселен, Ғұмар Қараш көшесі бойында А.Мәмбетов көшесінен Республика даңғылына дейінгі учаскеде орташа жөндеу жүргізілуде.
Осыған байланысты 19-21 мамыр аралығында бұл учаскеде қозғалыс ішінара жабылады, ал 22-25 мамыр аралығында көлік құралдары үшін толық жабылады деп күтіледі.
Сонымен қатар, Біржан сал көшесі бойында В. Гете көшесінен І. Есенберлин көшесіне дейін жөндеу жұмысы жүргізілуде.
Осы жылдың 19-23 мамыры аралығында жоғарыда аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?