28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАстана қаласы тұрғындарының біліктілігін растауға және сұранысқа ие салаларда қажетті дағдыларды алуға көмектесетін бірнеше бағдарламаны іске қосылды. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» директоры Омар Олжас айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спикердің айтуынша, Career Enbek платформасында тіркелген жұмыссыздарға арналған жаңа функция іске қосылды, ол арқылы IT саласындағы кәсіби біліктілікті тегін растауға арналған ваучерлер алуға болады. Бұл – желілік әкімші, жүйелік талдаушы, ақпаратты қорғау инженері және басқа да мамандықтарда жұмыс істеп жүрген немесе дамуды жоспарлап отырған мамандар үшін үлкен мүмкіндік.
Процедура өте қарапайым. Біздің Еңбек мобильділігі орталығымыз мамандық таңдаудан бастап, Career Enbek платформасында өтініш беруге дейінгі барлық кезеңде көмектеседі. Біз өтініш беруден бастап, кәсіби біліктілікті растау орталығында емтихан тапсыруға дейінгі бүкіл процесті қадағалаймыз. Емтихан теориялық және практикалық тапсырмалардан тұрады, оны сәтті аяқтағаннан кейін біліктілікті растау туралы құжат беріледі, - дейді Омар Олжас.
Оған қатысу үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
Орталық басшысы өз сөзінде Enbek.kz порталында 2025 жылға арналған екі негізгі бағдарламаға қатысу үшін 31 қазанға дейін өтінімдер қабылданатынын айтты.
Олар:
1. Жастар практикасы – бұл бағдарлама түлектерге алғашқы кәсіби тәжірибе жинақтауға, ал жұмыс берушілерге – білім алуға дайын, жігерлі қызметкерлер табуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Астана қаласының Еңбек мобильділігі орталығы өткен жылдары жұмысқа орналасу тәжірибесінің қорытындылары бойынша қатысушылардың тұрақты жұмыс орындарына орналасуын ескереді.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?