Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыПремьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Астанадағы су тапшылығы жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол Үкімет отырысынан кейінгі кулуарда айтты.
БАҚ өкілі вице-премьерден «Бішкекте көлік жуу орталықтарын, монша және суды көп қолданатын басқа да алаңдарды уақытша жауып тастаған. Себебі су тапшылығы туындап отыр. Астана бұл жағдайға жетуі мүмкін бе?» деп сұрады.
Қазір бұлай істеудің қажеті жоқ. Себебі сорғы станциясы жақын арада бітеді және сумен қамтыламыз, - деп жауап берді ол.
Сондай-ақ елордадағы су тапшылығын шешу мәселесі кеңінен қаралып жатқанын айтты.
Алдағы уақытта мәселе туындамас үшін Астана су қоймаларын қамтамасыз ету керек. Бұл – бірінші мәселе. Екіншіден, бұл су қоймаларының жұмысын тез арада іске асыру қажет. 2-3 жылда бастауымыз керек. Себебі елордаға көшіп келіп жатқандар қатары артуда. Су тапшылығы мәселесі бізде ғана емес, көптеген елде бар, - деді Алтай Көлгінов.
Бұған дейін Бішкекте су тапшылығына байланысты бассейндер мен моншалар жабылып жатқанын хабарлағанбыз.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары