6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЕлордада ауқымды «Таза Қазақстан» бастамасы аясында және Спорт күніне орай «Тәні саудың – жаны сау» атты экологиялық акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Экологиялық іс-шараны Respublica партиясы қала әкімдігімен және «Жасыл ел» қозғалысымен бірлесе өткізді.
Іс-шара барысында партия мүшелері, Respublica Jastary жастар қанаты мен ReWomen қауымдастығының өкілдері орман белдеуінде белгіленген маршрут бойынша жүгіріп өтіп, қоқыс жинады.
Біз үшін экологияны сақтау жайлы айту ғана емес, оған деген ұқыпты көзқарасты өзіміз үлгі ету маңызды. Плоггинг – бұл спорт пен қоқыс жинауды ұштастыратын экологиялық қозғалыс. Ол арқылы спорт, командалық рух және болашаққа қамқорлық бірігеді. Дәл осылай біз елімізді жақсы жаққа өзгерткіміз келеді, – деді Respublica партиясы Орталық аппаратының басшысы Жанат Искаков.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, плоггинг «Таза Қазақстан» акциясының мақсаттарына қол жеткізуге және экологиялық жауапкершілігі жоғары қоғам қалыптастыруға елеулі үлес қоспақ.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі