12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАстанада екі күннен бері өтіп жатқан «Соғым-FEST» жәрмеңкесінде тұрғындарға сиыр, жылқы және қой еті нарықтағыдан тиімді бағамен ұсынылды. Биыл жәрмеңке елорданың үш сауда алаңында өтіп жатыр, деп хабарлайд Еl.kz интернет порталы.
Ұйымдастырушылар «Соғым-FEST» – қазақ халқының ежелден келе жатқан соғым дәстүрін жаңаша форматта жалғастырып, отандық фермерлер мен қала тұрғындарын бір алаңға тоғыстырған жоба екенін айтады.
Жәрмеңкеде сиыр етінің бір келісі 3 300 теңгеден, жылқы еті 3 500 теңгеден, ал қой еті 3 700 теңгеден сатылды.
Сонымен қатар, Сауда алаңына шығарылған барлық ет өнімі алдын ала зертханалық тексеруден өткізіліп, олардың сапасы мен қауіпсіздігіне бақылау жасалды.
Ет – қарапайым халықтың ең көп тұтынатын негізгі азық-түлігінің бірі. Сондықтан мұндай жәрмеңкелердің ұйымдастырылуы өте орынды. Мұнда тұрғындар етті өздеріне тиімді бағамен сатып ала алады. Өзім Арқалық жақтан боламын. Жаңа ғана сол өңірден жеткізілген жылқы етін алдым. Бағасы да қолжетімді – келісі 3 500 теңгеден. Жалпы, 25 келі ет сатып алдым. Осындай жәрмеңкені ұйымдастырған азаматтарға және қала әкімдігіне алғысымды білдіремін», - дейді тұтынушы Бердіқұл Айнияз.
Айта кетейік, «Соғым-FEST» жәрмеңкесі Keruen Joly сауда орталығы – Алаш тасжолы, 35Б; «Ет Әлемі» сауда орталығы – Алаш тасжолы, 31/1; Jurt сауда орталығы – Бейбарыс Сұлтан көшесі, 3 сынды елорданың үш сауда алаңында ұйымдастырылды.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер